Тіркелу Сайтқа кіру

Бастауышым- балбұлағым

Сабақ тақырыбы: Бастауышым- балбұлағым.
Сабақтың мақсаты: 1) Білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру.


2)Мектепті, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.Ақыл, ой өрісін дамыту.
3) Ата-ананың, Отанның ұл-қызы болуға жетелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Бастауышым– балбұлағым»,
«Білім кілті – бастауышта»,
«Өнерлі бала – сүйкімді», 
«Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді»
«Оқусыз - білім жоқ,
Білімсіз - күнің жоқ»- деген сөздер жазылған.
- көрме ұйымдастырылады,
- дүниетанудан жасаған балалар заттары.
«Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды ,
Осынау бәрін білдірген
Дүниетану сабағы»

Сабақтың барысы: Кіріспе бөлім
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! 
Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! 
Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балалар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып аяқтап, жоғары сыныпқа өткелі тұр. 
«Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер!
Сахнада Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әні күй табақта ойналып тұрды.
1 бастауышы:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар! 
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.
Өмір деген үлкен жолда тарландар
Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ
Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан 
Лаулап жансын болашағын шамшырақ.
2 бастаушы:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірімменен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған


Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, ер тұрғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
Екеуі қосылып: 
Қош келіпсіздер. Құрметті қонақтар! 
Хормен: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда 
Ұстаз берген білім қорлда.

 

1 оқушы
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тостағаны
Жетелеп бірінші сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
Төрт жыл уақыт азба екен, кім біліпті
Ұстаз ана жолады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2 оқушы
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып береді.
Адамның ой-арманы мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
3 оқушы
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік
Мейірімімен жаурынымнан қаққаның.
4 оқушы
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен
5 оқушы
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын
Жеткенше қайрат, күш әлім
Биікке самғап ұшармын.
Ән «Ұстазым» (хормен)
6 оқушы
Байсалды мінезіңмен бірқалыпты
Меніңде көңілімде із қалыпты
Ұстаттың қағаз,қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті


Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің- біліммен күш толады

7 оқушы
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең, іс болады
Беруші ең бізге айтып, өлең, тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жағалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
1 бастаушы:
«Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз бізді 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтанда ұстазымызға мың алғыс айтып басымызды иеміз.
Ән (жеке орындаушы)
1 бастаушы:
-Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы
Ата-ананың ақылы
Болашаққа деген сенім.
Ән
2 бастаушы:
Ұстаздар жаққан шырақты
Өшірмейік балалар
Бәрін-бәрін білесін – дей келе ана тілінен оқыған әңгімесінен сынып балаларының көрінісін тамашалаңыздар.
1 бастаушы:
Балалар, бәріңді «Зерделі көлдің сәулесі» болуға шақырамын.
Математика пәнінен логикалық есептер шығарту.
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойынын ойнайық.
Ән
2 оқушы
Бастауышым бастамам
Білім жолын бастаған
Білім шыңы биікте
Беліңді бу жас данам.
2 бастаушы: Сынып суретшілерң мен қол өнершілерінің еңбектерімен таныс болыңыздар.
Әр оқушының «Бастауышым – бастамам» атты көрмеге дайындаған еңбектерін көрсету.
1 бастаушы:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілден


Тағылым беріп жас ұрпаққа қашанда
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.


2 бастаушы:
Шәкірттердің таңдап жауап сұрағын
Жас санаға төгіп білім шуағын
Хат танытып жол сілтеген өмірге
Барша жолға құрметті жан – мұғалім.
Хормен: Қош бол, балғын балалық
Қош бол, сүйікті бастауышым!

dle
Ұқсас мақалалар:
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол  ауылы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық...
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Атырау қаласы, №2 орта мектептің  орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І (ілгерінді) деңгейлі мұғалімі, жаңартылған оқыту...
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары

Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары

Атырау қаласы, №2 орта мектептің  орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І (ілгерінді) деңгейлі мұғалімі, жаңартылған оқыту...
Біз – Тәуелсіз  Қазақстан балаларымыз

Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз

Тақырыбы : Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз . Мақсаты : Оқушыларды туған жерін , елін , Отанын сүюге , қазақ елінің ұлттық нышандарын ...
Негізгі және туынды зат есім

Негізгі және туынды зат есім

Пәні: қазақ тілі Сабақ тақырыбы: «Негізгі және туынды зат есім»...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру