Тіркелу Сайтқа кіру

Әдебиеттік оқу (таңдау курсына арналған)

Әдебиеттік оқу   (таңдау курсына арналған)
МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ

Таңдай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қойбақова Гүлбағым Нұрқабылқызының

Әдебиеттік оқу
3 – сынып
(таңдау курсына арналған)

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ


Аты – жөні, әкесінің аты:
Қойбақова Гүлбағым Нұрқабылқызы

Жұмыс орны, қызметі:
Махамбет ауданы
Таңдай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі

(таңдау курсына арналған)
Авторы: Қойбақова Гүлбағым Нұрқабылқызы
Махамбет – 2014 жыл

Оқу құралы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналып жазылған.
Сондай – ақ оқушыларға беретін ақыл – кеңесі де мол.
Кітап бағдарламадан, әдістемелік құралдан және дидактикалық материалдардан тұрады.
Авторлық бағдарлама оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасап, дүниетанымын кеңейтуге негізделген. Әсіресе тарихымыз, туған еліміз туралы, ұлы тұлғалар мен туған жерімізден шыққан елеулі есімдер туралы білімдерін кеңейтуге арналған.


Алғы сөз

Бұл кітапша – .3 сыныптың жаңа сипаттағы «Ана тілі» оқулығына қосымша оқу құралы ретінде, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрастырылды. Бұл ретте бастауыш сыныптың оқу бағдарламасы басшылыққа алынды. Кітап бағдарламадан, әдістемелік құралдан және дидактикалық материалдардан тұрады.
Қазіргі кезде мектептің алдына қойылатын мақсат – бастауыш сыныптарда қолданылатын технология жеке тұлғаның ойдағыдай қалыптасуына ықпал етіп, баланың өзімен - өзі , айналадағы адамдармен, отбасымен, құрбы – құрдастарымен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеуді іске асыратындай болуға тиіс.
Жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті өлшемдер: бала өзгермелі жағдайларға үнемі икемделіп, өзінің бойында бар мүмкіндіктерін, туғаннан берілген нышандарын толық жарыққа шығара алатындай болғаны дұрыс.
Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады. Мұнда халық ауыз әдебиеті үлгілері, Қазақстан Республикасы және жерлес ақын – жазушылардың шығармалары, еңбектері, елге сіңірген қызметтері енгізілді. Соның нәтижесінде жас шәкірттің ой - өрісін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес дамыту ескерілді.
1. « Туған елім – туған жерім » тарауында, оқушыларды туған жерін сүюге, оны қадірлей білуге үйрете отырып, өз ауылымыздан шыққан, Атырау өңірінің күйші, ақын, майдангер аға - апаларымыздың өмір тарихтарымен оқып, танысады.
2.«Білім – таусылмайтын кен » тарауында, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ екенін, білімді адам- күшті, ақылды, тапқыр болатыны түсіндіріліп, оқушы білімінің сапасын арттыру арқылы өзіндік тұжырымын, көзқарасын қалыптастыру. .
3.«Табиғат тамашалары» тарауында «Табиғат - алтын бесік» Абайдың жыл маусымдарына жазған өлеңдері арқылы табиғатты сүйе білуге, қорғауға, экологиялық тәрбие беруге үйретіліп, дүниетанымын жетілдіруге машықтанады.
4.« Сарқылмас қазына » тарауында «Өнер алды – қызыл тіл» дегендей,. халқымыз ежелден сөз ұстаған шешендерін қадірлеп, олардың ұлағатты сөздерін еске сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жатқа айтып жеткізіп отырғанын ұғындыру арқылы, жүйелі сөз, ақылды ой айта білуге үйренеді.
5. «Еңбек - ерлікке жеткізер» тарауында «Бейнетсіз рақат жоқ », «Ердің атын еңбек шығарар » дегендей елге еңбегі сіңген аталарымыз бен ағаларымыздың еңбек жолдарымен таныстыру арқылы жас ұрпаққа кәсіптік бағдар беруге , мамандық таңдай білуге баулу.
6. «Ұлылардан ұлағат » тарауында ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ұлағатты сөздерін, ұлтжанды, ұлылық ұстанымдарын жас ұрпақ бойына сіңіру арқылы ізденуге, көп білуге үйрету.
7. «Тарих тағылымы» тарауында Отан үшін от кешкен ата - әжелеріміздің ерлік істерін үлгі тұту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралдың теориялық қағидалары мынадай:
1. Білім беру процесінде жауапкершіліктің бір бөлігін оқушылардың өздеріне жүктеу.
2. Баланың білім мен білігін қалыптастыру үшін - айналадағы адамдар мен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсу.
3. Мұғалім мен оқушының қарым – қатынасын психологиялық - педагогикалық технологияларда пайдалану.
Бұл әдістемеде көркем сөзбен және өлеңмен жазылған шығармалар берілген.
Ұсынылып отырған дидактиеалық материалдар бағдарлама мазмұнын терең ашып, оқушы ұғымына , санасына түсінілуіне сай талдап беруді көздейді. Сондықтан да, әр шығарма бойында берілген сұрақ- тапсырмалар, қосымша жұмыстар оқушылардың өздігімен ойланып, жұмыс істеуіне, олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуына септігін тигізеді.
Кітаптың ерекшелігі сол, ұсынылған диактикалық материалдардың оқулықтан тыс алынуында.Оқушыларды әдебиетке баулуда оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата – ана арасында байланыс нығайып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығып, танымдық, шығармашылық қабілеттері артты. Ал, тәжірибе көрсеткендей, шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушының дүниетанымы артады.

Жоспары:

Бағдарлама

Әдістемелік құрал

Дидактикалық материал

Сабақ жоспарлары

Күтілетін нәтиже

Оқушылар шығармашылығы

Қорытынды




Әдістемелік оқу.
Таңдау пәнінің бағдарламасы. 3-сынып.
/барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат/
Оқу материалы төмендегі көрсетілген тарауды құрайды:
1.Туған елім – туған жерім
1. Білім – таусылмайтын кен
2. Табиғат тамашалары
3. Сарқылмас қазына
4. Еңбек ерлікке жеткізер
5. Ұлылардан ұлағат
6. Тарих тағылымы
Көркем шығармалар бөлімі балалар әдебиетінің 2 саласын қамтиды.
1. Ауыз әдебиеті үлгілері
2. Жазба балалар әдебиеті үлгілері
Ауыз әдебиеті үлгілерінен :
 Төрт түлік жыры
 Аңыз әңгімелер
 Батырлар жыры
 Айтыс үлгілері
 Шешендік сөздер
 Ұлттық дәстүрлер
Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:
 Өлеңдер
 Мысалдар
 Әңгімелер
 Мақала, очерк
Әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Шығармаларды оқу:
- Орфографиялық талаптарға сай оқу
- Дыбысты, буынды, сөзді түсірмей анық айту.
Түсініп оқу:
- Сөз, сөйлем мәнін ұғынып оқу
- Дауыс ырғағын сақтап оқу
Шапшаң оқу:
- Бірінші жарты жылдықта 70 – 80 сөз оқу
- Екінші жарты жылдықта 80 – 90 сөз оқу
Мәнерлеп оқу:
- Әуезді сазды ерекшелігін сақтау
- Сөз екпіндісін дұрыс қойып оқу
- Ой екпіндісін дұрыс қойып оқу
- Кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқу

Берілетін білім:

- Ауыз әдебиеті үлгілерін білу
- Қазақ балалар әдебиетінің поэзиялық және прозалық шығармаларын
білу.
- Әлем балалар әдебиетінің көрнекті шығармаларын білу
- Оқыған шығарманың авторын білу
- Жанрлық ерекшелігін білу /өлең, мысал, әңгіме/
- Бастапқы әдеби түсінікті білу /пейзаж, сюжет, тақырып, негізгі ой, портрет, мінездеме, юмор, монолог, диалог)
- Әдеби тілдің бейнелегіш-көркемдегіш, құралдарын пайдалана білу
- Кейіпкер іс-әрекеті туралы көрсете алу
- Оқығаннан алған әсерін көрсете алу
- Жоспар құра білу
- Шығармадағы оқиғаны сақтап айта білу
- Шағын шығарманы толықтырып құрастыра білу
- Сынып бойынша белгіленген 4-5 үзінді, 6-9 өлеңді жатқа айта білу
- Жыл бойына 6 мазмұндама, 5 шығарма жазу
- Балаларға арналған басылымдарды пайдалана білу
- Сахналық көріністі көрсете білу.

Ескерту:
Бағдарламалық талап барлық деңгейдегі оқушыларға бірдей болу
керек.
Жеке сыныпқа ғана мұғалім деңгейдегі оқушы біліміне қарай деңгейлік бағдарламалық талап қоюға болады. Ал жалпы оқулық үшін бағдарламалық талап бірдей болуға тиіс.

№ Әдебиеттік оқу сағат
саны Бағдарламалық талап
І тоқсан (9 сағат)
1.Туған елім, туған жерім
1 Астана – арман қала 1 Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру

Оқушыларды елін қадірлеуге үйрету

Өз халқына мақтаныш сезімдерін ояту
2 Евразияның кіндігі 1
3 Хан ордасы - Сарайшық 1
4 Ата - қоныс - Бақсайым 1
5 Қазақтың Қаршығасы 2
6 Жанибаның жалынды жырлары 1
7 Майдангер ақын - Сембай Бердімұратов 1
8 Әнші - Ғафиз аға 1
ІІ тоқсан (7 сағат)
ІІ.Білім - таусылмайтын кен
1 «Ғылым таппай мақтанба».
Абай
1 Оқушылардың көркем шығарманың түпкі мән – мазмұнын түсініп, эмоциялық қабылдауын, кейіпкерлердің көңіл күйіне ортақтасу, күйіну – сүйіну білімнің адам өміріндегі мазмұнын түсіндіру
2 Таза бұлақ.
Ы. Алтынсарин
1
3 Күш – білімде
Мақал-мәтелдер 1

ІІІ. Табиғат тамашалары
1 Абайдың табиғат лирикасы 1 Шығармадағы табиғат пейзажын теріп, оқи білу, оларды өз сөздерінде
қолдана білуге үйрету. Экологиялық тәрбие беру, табиғат байлығын ысырапсыз пайдалануға жол бермеуге баулу, адамгершілік имандылықты дамыту
2 Суықторғай 1
3 Маусымдар 1
4 Табиғат – алтын бесік 1
Барлығы 7
ІІІ - тоқсан (10 сағат)
IV.Сарқылмас қазына
1 Өнегелі ертегілер 1 Халық ауыз әдебиеті үлгілерін таныстыру, тілдік қорын молайту,
шешендікке баулу, бала қиялын дамыту
2 Айтыс түрлері 1
3 Аңыз әңгімелер 1
4 Тест жұмысы 1

V. Еңбек ерлікке жеткізер
1 Жұлдызды ата 2 Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге бейімдеу, еңбек адамдарын құрметтеуге баулу, кәсіптік бағдар беру
2 Ұстаз мерейі 1
3 Еңбек туралы мақал - мәтел құрастыру 1
4 Мамандықтың бәрі жақсы 1
5 Шығарма 1
Барлығы 10
VІ - тоқсан (8 сағат)
VІ.Ұлылардан ұлағат
1 Мұзафар - балалар ақыны 1 Жаңа әрі көркем сөздермен оқушылардың сөздік қорын байыту. Адамгершілікке,иман-дылыққа үйрету
2 Шешендік шиыры 1
3 Бес арыс 1
4 Қаныш ата 1
VІІ. Тарих тағылымы
1 Хиуаз Доспанова туралы үзік сыр 1 Оқушылардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын ояту, халқымыздың ұлы азаматтары туралы түсінік бере отырып, олардың өмірлерін үлгі ету
Бүгінгі өмірмен таныстыру
2 Ел қорғаған - ер бабам 1
3 Отан үшін от кешкендер 1
4 Ереулі атқа ер салмай 1
Барлығы: 8

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылардың пәнге деген танымдық, шщығармашылық қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ынтасы дами түсті.
2. Білуге , үйренуге деген қызығушылықтары артты, ата-ана тарапынан баласына керекті кітаптарды тауып беріп, көмек көрсету жақсарды.
3. Кітапханамен тығыз байланыс орнады.
4. Оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры , ойлау қабілеті артты.
5. Оқушылардың ізденімпаздығы артып,шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланды.
6. Әр тақырып бойынша қосымша ізденіп оқу керектігіне дағдыланып, шапшаңдыққа, жинақылыққа , бәсекелестікке қабілеттілігі артты.
7. Республика, облыс, аудан көлемінде танымал , белгілі жерлес қайраткерлеріміз туралы кеңірек тани отырып, сөз маржанын теріп, мағынасына терең бойлап, жүйелі сөз , ақылды ой айта білуге үйренді.
8. Оқушыларда өздеріне деген сенім, үлкен жауапкершілік пайда болды. Өздерін дара тұлға ретінде сезініп, көп білуге ізденеді, қиялдары артады.

Оқушының идеал бейнесі:
1. Тақырыптың мазмұнын ашуда бір-бірімен ұжымдық қарым-
қатынас жасайды.
2. Сауатты жазуға үйренеді.
3. Жүйелі сөйлеуге;
4. Әсерлі баяндауға;
5. Ауызша сөйлеуге дағдыланады.
6. Өз ойын дұрыс жеткізеді
7. Қажетті ақпаратты қолданады.
8. Оқушыларда өзіндік көзқарас қалыптасады.

Күтілетін нәтиже
Оқушылардың басылым беттеріне жарияланған
шығармалары

Отан
Отанды қорғау,аялау-әр азаматтың борышы.Отан-үлкен ұғым.Оның мағынасында-өте терең ой бар,оны сөзбен жеткізу қиын.Отан деген сөзге отбасы,бүкіл ел,жер,барлық аймақ кіреді.Отанды бұрынғы ата-бабалар да,ұлылардың бәрі-бәрі қорғаған.Отанды біздің ,шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк те соғыс жылдары аянбастан өз Отаны үшін жанын пида етті.Сонымен бірге өз жерін ,Қазақстанын желтоқсанда Ләззат апам да қорғады.Әр азамат 18 жасқа толғаннан кейін өз борышын өтеу үшін әскер қатарына барып,елін, Отанын қорғайды.Мен де өз Отанымды жанымдай жақсы көремін.Өскенде өз Отаным үшін қызмет істеймін.Ол - менің міндетім.
Боранбай Арай

Отаным-Қазақстан!
Біздің Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан,бүкіл әлем таныған елге айналды.Біздің Отанымыз-өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы жылдан-жылға алға ұмтылған,ғылымы мен мәдениеті озық ел.Отанымыз жайында шығарылған ән де көп,күй де мол.Атақты би-шешендер,ақын-жазушылар,ғалымдар өсиет сөздер қалдырған.Қаз дауысты Қазыбек би:
«Алтын ұяң-Отан қымбат,
Құт-берекең-атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат»,-
деген екен.Отанымыздың даңқы-ерлік пен қаһармандықтың даңқы, Отанды сүю отбасынан басталады.Отанға деген сүйіспеншілікті
патритизм, Отанын сүйетін адамдарды патриот деп атайды.Біздің
міндетіміз-болашақ Қазақстанды өркендету үшін жақсы оқып,жан-жақты білім мен ғылым алу.Елбасының халыққа жолдауында «ХХІ ғасыр-білім ғасыры» делінген.Олай болса,елімізді өркендету үшін білімді жастар керек.
Мәулімжан Ақерке

Жұмбақтар
Жазда қыдырады,
Қыста тынығады ( аю)
Сымбат

Орғыған қорқақ, көзі қыли,
Қыс пенен жазда жүрер ылғи ( қоян)
Әліби
Ыстық құйсаң , суымайды,
Суық құйсаң ысымайды (термос)
Нұржан

Түнімен, күнімен,
Күзетті үйді тілімен ( құлып)
Мұратбек

Жарық болып тұрады,
Кешке жақын құлады ( күн)
Қасым

Сөзге толып құшағы
Қияндарға ұшады. (хат)
Аңсаған

Айтайын мен бір жұмбақ табасың ба?
Айналып аққаланы шабасың ба? (тіс)
Айдана

Күзде қурайды,
Көктемде өседі ( ағаш)
Сағым

Сен білмейтін нәрсеңді
Біліп күнде тұрады (кітап)
Темірлан

Бетіңе қарасаң , көрерсің өзіңді. (айна )
Асылхан
Өтірік өлеңдер
Бара жатсам жұмысқа,
Шағып алды құмырсқа.
Құмырсқаны қуам деп,
Қалып қойдым жұмыстан.
Аңсаған

Қағаздан шалбар киіп ап,
Қаңтарда балшық айдадым.
Масаның мұртын қиып ап,
Пілдерді матап байладым.
Әсем

Тышқан Кеше мысықты,
Желкесінен қысыпты.
Тышқан жұртты шыңғырған,
Осындай да пысықты.
Жанбота

Тумай жатып тілім шығып,
Өлең айтып сайрап тұрдым.
Айдана

Пышақпенен тоқыдым,
Шұлық,қолғап бәрін де.
Инеменен кесіп ем,
Өтіп кетті үстелден.
Мөлдір

Бір қозының жүнінен
Қолғап,бөрік тоқыдым.
Тоқығаннан қалғанды
Тіктім итке көйлек мен.
Темірлан




Ертегілер
Кірпінің алмасы
Ерте,ерте,ертеде бір шал болыпты.Оның немересі болыпты.Бір күні атасы мен немересі далалы жерге шығады.Далада отырса бір кірпі алма көтеріп келе жатады.Бір алмасы түсіп кетейін деп тұр екен. «Ата,ананы қара!, кірпінің бір алмасы түсейін деп тұр»,-дейді немересі.
Сол кезде кірпінің алмасы түсіп кетеді.Домалап түсіп кеткен алманы көрген қу түлкі оны тістеп алып қаша жөнеледі.Бала түлкіні ұстап алып,алманы алып қалып,түлкіні қуып жібереді.Алманы қайтадан кірпінің үстіне қояды.Кірпі балаға рахмет айтады.Мұны көрген атасы немересінің арқасынан қағады. Атасы мен немересі үйіне қайтады.

Тышқан,қоян және жолбарыс
Ертеде тышқан мен қоян өмір сүріпті.Олардың 4 сиыры, 3 ешкісі болыпты. Бір күні тышқан жолда келе жатса, алдынан жолбарыс шықты.Тышқан мен жолбарыс әңгіме дүкен құрады.Тышқан оған көп жаңалықтар айтты.Ол жолбарыстың көңілін көтерді.Бірақ жолбарыс өз мұңын айтты: «Менің үйім бар еді,таңсәріде аң аулап келсем,үйім құлап қалыпты». Тышқан айтады: «Менің үйімде досым қоян бар,сол үшеуміз тұрсақ та сыйамыз»,-дейді.Сөйтіп,үшеуі тату-тәтті өмір сүріпті.

Бай мен кедей
Ерте,ерте,ертеде, ешкі жүні бөртеде, бай мен кедей болыпты.Кедей өте еңбекқор екен, ал бай өте жалқау болыпты.Кедей байдың көмекшісі болады.Кедейдің қарт әке-шешесі болыпты.Бай кедейді оларға еш жібермейді екен.Бірде кедей байдан аты мен бидай сұрап алады да,байға білдірмей ата-анасына апарып береді.Кедей байға келіп::Баеке, атыңыздан айырылып, бидайым шашылып қалды,-дейді. Бай:Жарайды,өкінбе,-дейді.Екі күн өткен соң көршілері байға кедейдің өтірік айтқанын айтады.Бай оны жазалайды.Кедей кетіп қалады.Бай өзіне басқа көмекші іздейді,бірақ ешкімді таппайды.Дұрыс қаралмағасын малдары қырылып қалады.Бай кедейді шақырып: -Бра дүние-мүлкімді саған бердім»-дейді.Кедей ата-анасын қолына алып, тату-тәтті өмір сүріпті.
Қорытынды
XXI ғасырда ұстаз қандай болу керек? Бұл сұрақ тереңнен ойланып жауап беруді қажет етеді. Себебі, XXI ғасырдың жан- жақты зерделі, білімді, талантты, дарынды адамынқ алыптастыру мұғалімнің білімділігі мен іскерлігінде. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіру, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге , бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніңіз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.
Сонау XX ғасырдың басында Ж. Аймауытов: « Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне сай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - баланың қызығушылығын оятып, қабілетін арттыратын, өз бетімен ізденісін жаттықтыратын жағдай туғызу. Оның бастысы сабақ үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс - әрекеттері арқылы білім, білік, дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушылардың өздері арқылы жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші.
XX ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Жер – жердегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы мағлұмат алып отырған балаларды бір нәрсемен таңқалдыру, тек ұстаздың қолынан келетін іс.
Әр сабақ сапалы да нәтижелі өткізілсе, ол мұғалімнің тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі - әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау. Осы міндетті орындау үшін өзіме мынадай сұрақтарды белгіледім.
а) Оқушылар өз бетінше білімін қалай тереңдете алады?
ә) Білімді өмірмен байланыстыру дағдысын дамыту жолдары қандай?
Алдыма қойылған сұрақтарды шешу үшін топпен жұмыс жасау жолын таңдап алдым.
Топта жұмыс жасау оқушыға ой еркіндігін, жауапкершілік, ізденуге және ойын ортаға салуға мүмкіндік беретінін байқадым. Әрине, адғашында оқушылар бірден белсенділік танытып, ойын ортаға сала алмады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан оқушылар өз бетінше танымдық әрекет
етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі керек. Сабақ барысында , сабақтан тыс мезгілде оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындатуға дағдыландырдым. ( Мәтінмен жұмыс, қосымша әдебиеттермен, интернет материалдарымен, еркін жазу т.б).
Оқушыларға еркіндік беріліп, бір топтан екінші топқа ауысып, ақпаратты жинап, ой бөліседі, салыстырады, ортақ пікірге келіп, көпшілікке жариялауға үйренеді. Жұмыс нәтижесінде жаңаны тез игеріп, дұрыс түсінетін, практикада жүзеге асыра алатын, болжам жасай алатын оқушылар қалыптасты. Сыныпта мұндай оқушылардың болуы менің жұмысыма оң әсер етті.
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
2. Қосымша әдебиеттер, материалдар іздей бастады.
3. Ой - өрістері кеңейді, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға көмегін тигізді.
Ал, оқушылармен топтық жұмыс мынадай нәтиже көрсетті:
1. Мұғалімнің нұсқауы бойынша оқушылар өз бетімен білім алады.
2. Ой бөлісті, пікір таластырды.
3. Ойларын басқалармен салыстырды.
4. Қорытынды жасап, ойын еркін баяндауға үйренді.
5. Пәнге деген қызығушылығы артты.
6. Өздеріне үлкен жауапкершілік жүктеді.
Жыл бойы жүргізілген осы бағдарлама бойынша жасалынған жұмыстың арқасында сыныптағы 16 оқушының ана тілінен білім сапасы
81,2 % болды.
3 а сынып оқушыларының ана тіілінен білім сапасының көрсеткіштері

Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жүргізу әдістері
Оқу-ағарту ісін қайта құру-біздің жаңаша ойлау қабілетіміз бен ізденістерімізге байланысты болмақ.Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі-білімді,педагогикамен әдістемемен хабардар,оқыта білетін мұғалім.Екінші-оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы да ыңғайлы болуы.Үшінші-мектепке керекті бағдарлама.Әр іс көңілдегідей шығу үшін 59оның үлгісі иә мерзімі өлшеулі болуы керек» дегенінен сол кезеңнің өзінде әдіскер мұғалімнің керегіне ден қойылғандығын білуге болады.
Сабақты сапалы етіп өткізу үшін мұғалім оның теориялық негізін жетік білуі тиіс. Сонымен қатар мұғалім педагогика,психология әдістемелеріне сүйенеді.Психология мен теорияның бірігуі «біртұтас әдіс»деп аталады.Қазір оқытудың әдістері өте көп. Мұғалім өзіне қолайлы деген әдісті ұтымды қолдана білуінде.Орыс жазушысы Л.Толстой: «Жақсы дерлік те,жаман дерлік те бір әдіс жоқ.Олқылықтың белгісі-бір ғана әдісті болуы,шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу,орнында жоқ әдісті табу да қолынан келуі. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек»,-дейді.
Әдістің жақсы,жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай.Сонымен оқыту әдісін түрлендіру оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігін туғызады.Әдістің ескі,жаңасы жоқ.Кейбір әдістердің заты өзгермегенімен, аты өзгертілген.
Негізгі әдістер:
1. Мұғалімнің баяндауы.
2. Көрнекілік.
3. Саяхат.
4. Оқушының өзі істейтін жұмыс.
5. Оқушының әдісін тексеру әдісі(ауызша,жазбаша).
6. Түсіндіру.
7. Байқау.
8. Сарамандық жұмыс.
9. Шығармашылық жұмыс (топпен,ұжыммен,жеке)
Оқыту әдістерін саралағанда,тек олардың атаулары ғана жаңарады.Мазмұны жағынан педагогикаға аян бұрынғы әдістер болады.
Бастауыш сыныпта көбіне түсіндірмелі оқу әдісін қолданған дұрыс.Бұны сапалы оқу десе де болады.Түсіндірмелі оқу негізінен үш түрлді жолмен жүзеге асады.
1. Мәтінмен танысу.
2. Мәтінді өз сөзімен әңгімелеу.
3. Оқыған мәтінді талдау.
Мәтіндегі ұғымдарды көбінесе жалпыдан жалқыға қарай,ал бастауыш сыныпта жалқыдан жалпыға қарай оқытамыз.Бұл талдау-жинақтау әдісі деп аталады.Әңгіме немесе сұрақ-жауап әдісі кейде эвристикалық әдіс деп те аталады.Төменгі сыныптарда өтілген мәтінді әңгіме әдісі бойынша талдайды.Бұл әдісті әңгіме әдісі деп те атауға болады.Сұрақ-жауап әдісін диалог әдісі деп те атайды. Талдауды «жалқылау» деп, жинақтауды «жалпылау»деп атауға болады.Бүгінгі қолданылып жүрген әдістерде көркем сөздерге ерекше мән беріледі.Қандай сабақта болмасын құрғақ сөз аз болып,жаттығу арқылы оқушыларды оқу ісіне дағдыландыруға көбірек көңіл бөлінуі тиіс.
Мәтінмен жұмыс кезінде сурет салу, ән айту сияқты қосымша тәсілдерді де пайдаланып отыру керек.Себебі,бұл баланың ерекше дарынын оятып,эстетикалық талғамын арттырады.Басты әдістің бірі-көрнекілік.Бұл да - көмекші тәсілдердің бірі. Көрнекілік әдісіне мән беріп,сабақтың белсенділігін арттыруға болады. dle
Ұқсас мақалалар:
Бастауыш сынып мұғалімінде  құзыреттілікті қалыптастыру

Бастауыш сынып мұғалімінде құзыреттілікті қалыптастыру

Бастауыш сынып мұғалімінде құзыреттілікті қалыптастыру Г.Н.Қойбақова Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі ...
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Байтубетова Қарылғаш Каримжановна Тарих пәні оқытушысы Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі...
Ақпараттық технологияны сабақта қолдану

Ақпараттық технологияны сабақта қолдану

«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Баяндама Тақырыбы:Ақпараттық...
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Күршім ауылы №3 Күршім гимназиясы ...
арнайы курс

арнайы курс"Шешендік өнер"7кл авторлық бағдарлама

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна ...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру