Тіркелу Сайтқа кіру

Мақал-мәтел - сөз мәйегі

Мақал-мәтел - сөз мәйегі
Дайындаған: Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы


Мақал-мәтел - сөз мәйегі


Қазақта терең мағыналы ой салатын мақал-мәтел түрі сан алуан және олардың тақырыптары да біріне-бір ұқсамайды. Ел үлгі тұтатын ақын-жазушылардың шығарған асыл да астарлы мағынадағы түйін сөздері халықтың ой елегінен өткізіліп, еш өзгеріссіз ұмытылмай сақталып, ауыздан-ауызға таралғаны бізге мәлім. Олар адамзат баласына үлкен ой тудырып, нақыл да ақыл сөз ретінде үлгі-өнегеге толы болғандықтан, қолдану аясы кеңейе түскен. Яғни, осы тұрғысынан айтар болсақ, мақал-мәтелдің берер тәлім-тәрбиелік маңызы зор екендігін айқындайды. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Ал, мәтел-ой пікірді бейнелі әрі тұспалдап, ишара түрінде жеткізеді. Демек, мақал-мәтел-сөз ұйытқысы бола отырып, жақсылық, жамандық, достық, қастық, өнер-білім, т.с.с. тақырыптарға құрылады. Солардың біріне тоқталар болсам, «досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»-деген халық даналығында достық, қастық турасында, ал айтылар ой-я досыңның сансыз көптігін, я болмаса, біліміңнің толыққанды жеткілікті болып ғана қоймай, қандай қамал болса да бұзуға қауһары жететіндігін көрсетеді. Яғни, мұнда-бірлік те болып, ақылды болуға тәрбиелейді. Ал, «өнерлі өрге жүзеді, өнерліге өлім жоқ» - деген осы бір нақыл сөздің мағынасы-өнерлі адам көптеген биік шыңдардан көрініп, үлкен жетістіктерге жететінін, яғни қабілет-ісінен өз күніңді көре алатындығын айқын топшылайды. Айтпақ ойы, өнерлі, еңбекқор болып талаптану қажет екендігін алға тартады.
«Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің,
Ата-ананың қадірін балалы болғанда, білерсің»-деген мақал мәнісі, ата-ана қадірін өзі балалы-шағалы болғанда білетінін айтады. Мұндағы ой-сарыны – ағайынмен араз болмай, тату, ынтымақта болып, әке-шешені сыйлап, құрметтеу қажеттігін меңзейді. Сондай-ақ, «жасыңда жалықпасаң, қартайғанда торықпайсың»-мұнда дәл, нақтсы оймен жеткізілген. Тіпті, бұл түйін сөз «көндікпесең бейнетке, қолың жетпес зейнетке»-деген мақал мағынасымен пара-пар әрі дәлелі іспеттес десем, артық айтқандық болмас.
Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мақал-мәтел-терең ойлауды қажет ететін, қадір-қасиеті жойылмаған, тұжырым-түйіндегі сөз мәйегі, асыл мұра. dle
Ұқсас мақалалар:
Мақал-мәтелдер 5 сынып қазақ тілі

Мақал-мәтелдер 5 сынып қазақ тілі

Ақмола облысы Целиноград ауданы Мәншүк ауылы №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хасенова Тұрсынгүл Еркінқызы...
Мақал - мәтел

Мақал - мәтел

Ақшабаева Саулет, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанкелдин орта мектебі, Сарға селосы, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы Сабақтың...

"Түбір сөз және туынды сөз" ашық сабақ,

Қазақ тілі 3а сыныбы Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз Садыкова Замзагул Калдыбаевна, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Бидайық...
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге...
Аталар сөзі – тәрбие көзі

Аталар сөзі – тәрбие көзі

Аталар сөзі – тәрбие көзі Мақсаты: Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке,...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру