Тіркелу Сайтқа кіру

Менің сүйікті мысығым

Менің сүйікті мысығым
Атырау обылысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы.
«Жасұлан» балалар бақшасы.
Тәрбиеші:Телманова Әсия
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы :«Менің сүйікті мысығым »

Мақсаты: мысық, мысықтың баласы марғаумен таныстыру. Мысық туралы
әңгімелей білуге үйрету.
Білімділігі: cөздік қорын молайту, сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
Дамытушылығы: ұсақ қол моторикасы, ауыз екі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: мысық қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: монтиссори технологиясы, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: мысық бейнеленген суреттер,қыстырғыш, қорапша.


Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру) Шаттық шеңбері
Армысың асыл күнім,
Армысың асыл жерім,
Армысың асыл досым.
Міне менің қолым,
Жылуыма жылу қос.
-Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?
-Балалар қыз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Балалар үй жануарларына не жатады?
Балалар шеңберге тұрып, қимылдарды жасайды.


-Қыс мезгілі.
-боран соғады, қар жауады.
Жылқы,сиыр, ешкі, қой.
Балаларды ізденушілікке
ұйымдастыру

















































Рефлекция
(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою.)








Кіріспе әңгіме
- Мынау не балалар?

- Ал балалар мынау мысық және мысықтың баласы-марғау.

-Кәне, балалар қайталап айтайықшы?


Тосын сәт: есік қағылды.
Болжам стратегиясы.
«Әдемі қорап» тұр екен.
-Балалар мына «әдемі қорапты» кім әкелді деп ойлайсыңдар?
-Балалар қалай ойлайсыңдар, бұның ішінде не бар екен?
Көңілді әуен ойналып, сүйкімді мысық шығады.
-Балалар бізге қонаққа сүйкімді мысық келіпті.
-Балалар мысық үй жануарына жатады.Оның түсі ақ, сары, қара болады.Мысықтың 2 көзі, 2 құлағы, құйрығы, мұрны, мұрты, 4 аяғы бар. Жүні жұмсақ. Кәне сипайықшы.
- Балалар мысық сүт ішеді, балық және тышқанды жейді.



-Балалар сендердің үйлеріңде мысық бар ма?

-Мысық қалай дыбыстайды?
-Жарайсыңдар балалар.
-Ендеше мысықты тамақтандырайық.
-Мысыққа сүт беріледі.

Сергіту сәті.
Тікірейіп құлағы,
Меннен бұрын тұрады.
Бойын жазып, керіліп,
Беті-қолын жуады.
Артымнан бір қалмайды,
Көзін қысып алдайды.
Ойнасамда күнімен,
Ойынға бір қанбайды
Мяу-мяу.
-Балалар мысық қалай ұйықтайды?
-Мысық немен ойнайды?

-Кәнекей балалар мысықпен бірге жіппен ойнайық.




«Не жоқ»
Дидактикалық ойыны
Шарты: мысықтың құйрығы жоқ. Құйрығын жалғау арқылы саусақпен жұмыс істеу дағдылырын қалыптастыру
-Балалар мысық шаршап қалған сияқты.
-Кәне мысыққы рахмет айтып, сау бол дейік.
-Балалар кәне «Мысықтар» биін билейік.
Сұрақ-жауап әдісі.
-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Мысықтың баласын не деп атаймыз?
- Мысық туралы әңгімелейікші?
-Балалар сендер неткен, зерек балаларсыңдар!
-Балалар сендер, бүгінгі ұйымдастырылған ашық іс-әрекетіне белсене атсалыстыңдар. Жарайсыңдар!
Мысық
Марғау.
Балалар қорапқа таңырқа қарап, оның ішінде не бар екенін болжайды.
Балалар таңданып қуанады.
Балалар мысықты сипайды.
Иә.
Мяу-мяу-мяу.
Балалар мысыққа сүт береді.
Өлең жолдарын айтып,
тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды.
Пыр-пыр-пыр-пыр.
Доппен, жіппен, ойнайды.
Балалар мысықты жіппен ойнатады.
Балалар мысыққа қыстырғышты алып қондырады.

Сау болыңыз.

Балалар қуана билейді.

Балалар бар білгендерінше жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: мысықтың баласы марғау екенін, дене мүшесін, қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Қандай түсінікті игерді: марғау, қыстырғыш ұғымын игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: мысықты тамақтандыра, ойната алады. Іс- қимылмен сергіту сәтін орындайды. dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру