Тіркелу Сайтқа кіру

наурыз

наурыз
5 сынып оқушыларына арналған тарих пәнінен наурыз сабақ жоспары
Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы

Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Ержигитова Алмагүл Тасболатқызы
Сыныбы: 5
Тақырыбы Наурыз мейрамы

Мақсаты Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлтық мерекелер, ойындар және тағамдары туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.
Күтілетін нәтиже AНаурыз мейрамы турaлы біліп, түсінеді.
ВМейрамның тойлану барысын сипaттaйды.
С Бұрынғы кездегі мейрамның өткізілуі мен қaзіргі кездегі Елбaсының сaясaтымен сaлыстырып, қорытындылaйды
Дереккөздер, құрал-жабдықтар - «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы, карта
-флипчарт,стикер,маркер,бағалау парақтарыИнтерaктивтік тaқтa,тaныстырылым, оқулық, Наурыз мейрамының суреттері
Он-лайн тапсырма  Топқа бөлу (Ұлттық тағамдар, ойындар, киімдер,мерекелер)
 Жұлдызды сәт ойыны
 Топтастыру
 Постер құру
Сабақтың барысы Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
1.«Көңіл-күй» сергіту сәті арқылы сынып ахуалын өзгерту.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Жұлдызды сәт» ойыны(Сұрақ-жауап)
1.Ежелгі дәуірде құрылыс, тұрғын үйлер қандай болды.
(олар үңгірлерді, тау қуыстарын баспана ретінде пайдаланады.)
2.Құрылыс салуда негізінен қандай материалдар қолданылған?
(Ағаш, тас, шикі кірпіш, шым пайдаланған)
3.Көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты қандай үйлер пайда болды
(Киіз үй)
4.Киіз үйдің алғашқы нұсқасы қай дәуірде жасалды
(қола дәуірде)
Сәулет өнері дегеніміз не? Ол қандай мағынаны береді
Құрылыс, тұрғын үй салу, жобалау деген мағынаны береді.)
6.Ортағасырларда Қазақстан жерінде қандай құрылыстар салынған?
(сарай, мешіт, кесене, монша сияқты құрылыстар көп салынған)
7.Бүгінгі Қазақстан жерінде ортағасырлық қандай сәулет өнерінің туындылары сақталған? (Жошы хан күмбезі Айша бибі кесенесі, Қарақан кесенесі, Қожа Ахмет Йассауй т.б кесенелер сақталған)
8.Жошы хан күмбезі қай ғасырда салынды . 13ғасыр, Жезқазған қаласының 40 шақырым жерінде Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан)
9. Айша бибі, Қарахан кесенелері қай жерде орналасқан?
(Тараз)
10.Алаша хан кесенесін кім салғызған?
(Қасым хан салғызған. Қарағанды обылысы Ұлытау ауданында)
11.Қожа Ахмет Йассауйдің кесенесі қай қалада орналасқан?
(Түркістан)
12.Маңғыстау түбегіндегі орта ғасырлық қандай мешіттер бар?
(Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата т.б.)
-Шеңберде сыныптасына бүгінгі күнге арналған жағымды көңіл-күй тілейді.
Сабаққа бетбұрысы қалыптасады.
Үй тапсырмасын сұрақтарға жауаптар беру арқылы тексереді.
Тұсаукесер
5 мин  1. «Тұлғаны таны» Жаңа тақырып бойынша сілтеме жасау. Наурыз мерекесінің өткізілуін видео арқылы көрсету .

 Жаңа тақырыптың мақсатын оқушылармен бірге қою
Толғаныс. Ассоциация
Қымызмұрындық Сабантой
-Тақырыпқа қызығушылықтары артады.
-Өз ойларымен сыныппен бөліседі.
Осы мейрам бойынша оқушылар өз ойларын аша түседі. 22-наурыз күні тойланатын мерекенің мағынасын таба біледі. Жаңа тақырыпты оқушылар өздері ашады.
Негізгі бөлім

Сергіту сәті

Сөзжұмбақ шешу
Бекіту. "Алтын сақа" ойыны
20 мин 3.Оқулықпен жұмыс
4. Постер құру
Ұлттық тағамдар тобы- «Бесікке салу» туралы
Ұлттық киімдер тобы -«Шілдехана» туралы
Ұлттық ойындар тобы- «Тұсау кесер» туралы
Ұлттық мерекелертобы- «Үйлену той,қыз ұзату» туралы

1. Ең үлкен тағам. (нан)
2. Балалар ойыны. (айгөлек)
3.Төлдің алғашқы ауызданатын сүті. ( уыз)
4. Қазақша жыл басы. (наурыз)
5.Қойдың сүйегімен ойналатын ойын. (асық)
6. Жылқы сүтінен жасалған сусын. (қымыз)
1. Қазақтың бидай ұнынан жасалған тағамдар. (нан, бауырсақ, шелпек, кеспе, көже)
2. Оны отбасына бір адам қосылғанда жасайды. Жаңа келген адамға кәмпит, құрт шашады. Оны өзгелерден бөлек ұстайды. Ел тамақ жеп болған соң, біреу оны өзгелермен таныстырады.Ол төмен қарап, тыңдап иіледі. Бұл қандай той, ол кім? (беташар тойы, келін)
3. Мұны ер жігіттер ойнайды. Ол үшін жүйрік ат, ептілік және шапшаңдық керек. Қажет заттың тек ұшы ғана көрінеді. Оған қолы жеткен жігіт оны ұнатқан адамына сыйлайды. Бұл қандай ойын, ол не? (теңге ілу ойыны, түйіншек.)
4. Жылқы, сиыр, қой және түйе сүтінен жасалған тағамдар? ( қымыз, шұбат, айран, ірімшік, құрт, сүзбе)
5. Ол тойларда беріледі. Көп адам бір затқа таласады. Оған жүйрік атта, білек күші де керек. Оны жеке - жеке немесе топқа бөлініп те жүргізуге болады. Бұл не? (Көкпар)
6.Бұл қазақтар өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оған балаларда қатысады. Ол үшін ала жіп , қайшы керек. Бұл не? (Тұсаукесер)
7.Көпшілікке арналған мерекелік тағам мереке кезінде әр түрлі дәмнен дайындайды. (Наурызкөже)
- Жаңа материалды топта талдайды, сол бойынша сөйлейді.
-Нақты деректермен талқылайды.

Әр асыққа сандар жазып жерге тастаймын.7асыққа жеті тап-сырма
Қорытынды

10мин
Рефлексия:
Не білемін Не білдім таңғалдырған

Үй тапсырмасы:
39.Наурыз мейрамын оқып келу.
Жеке оқушыға тапсырма:Шығармашылық тапсырма. Оқушылар өз бетімен "Наурыз мейрамы" туралы шығарма жазу.
Бағалау. - өз ойын жазып, қортындылайды. dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру